Бүгін Кәсіподақ ардагері, «Әділет» Кәсіподағының Төралқа мүшесі Наурузбаева Балсұлу Мұзаппарқызы мерейлі 75 жасқа толып жатыр.
Балсұлу Мұзаппарқызы өз ісінің нағыз маманы ретінде аянбай қызмет етіп, Кәсіподақ ұйымының дамуына зор үлес қосты. Ұзақ жылдар бойы қалалық білім кәсіподағын басқарып, үлкен жетістіктерге жетті. Ғұмырын білім саласы қызметкерлерінің құқықтық мүдделерін қорғауға арнады.
Құрметті Балсұлу Мұзаппарқызы, Сізді мерейлі 75 жасыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Деніңізге саулық, отбасыңызға ырыс пен береке, мол бақыт тілейміз!
Қоғам игілігіне жұмсаған ерен еңбегіңіздің еліміздің нығаюына қосқан өзіндік үлесі бар. Қанатыңыз талмасын, қажыр-қайратыңыз қашанда арта бергей!
Бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру, жас мамандарды еңбекке баулу жолында атқарған қызметіңіз қашан да зор құрметке лайық.
Абыройлы ғұмырыңыздың әрбір сәті жағымды жаңалықтар мен қуанышқа толы болсын! Көрер қызығыңыз мол болғай!