Сіздерді шын жүректен Астана күнімен, Астанамыздың 25-жылдық мерейтойымен құттықтаймын.
Бүгінгі таңда елдің төрі – елордамыз барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне айналды. Астана – қарыштап дамыған мемлекеттің нышаны, әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеудің айқын дәлелі.
Қаланың әлем халықтарына мақтана көрсетер жетістіктері де аз емес.Астана – болашағы жарқын қала. Сондықтан да Қазақстанның жүрегі мәңгі соғып, бас қаласы одан әрі гүлдене берсін!
Осы қуанышқа толы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, бастамаларыңызға сәттілік тілейміз.
Ізгі тілекпен,
Кәсіподақ төрағасы Батыр Алиев