2019 жылғы 17 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында «Әділет» білім қызметкерлерінің қалалық кәсіподағының V Есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Конференцияға сайланған делегаттармен қатар Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы орынбасары А. М. Мұқашева, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының әкімшілік-құқық бөлімінің басшысы Ж. А. Кулушпаева қатысты.
Қалалық комитеттің 5 жылдық есебі тыңдалып, қанағаттанарлық баға берілді.
Сайлау нәтижелері бойынша Б. Ә. Әлиев төрағалыққа сайланды.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерінің ХІV cъезіне 4 делегат сайланды.
Конференция соңында делегаттар мен қатысушы қонақтар Б. М. Наурузбаеваға сала кәсіподағындағы көпжылғы адал еңбегі үшін алғыс білдірді.