Құрметті әріптестер!
Баршаңызды еліміздегі ең ұлық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл күн – Тәуелсіздігіміздің саяси-құқықтық негізін қалыптастырған күн!
Бүгінгі таңда, еліміз алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін. Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!
Туымыр тұғырлы, Егемендігіміз баянды болсын!
Ізгі тілекпен,
Кәсіподақ төрағасы Батыр Әлиев