2019 жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының «Шаңырақ» балалар шығармашылығын дамыту орталығында адамгершілік-патриоттық тәрбие кластерінің ұйымдастыруымен «Абай – дана, Абай – дара» атты әдеби шығармашылық кеш өтті.
Нұр-Сұлтан қаласының №24 «Айналайын» балабақшасы, №6 «Көктем» балабақшасы, №13 «Тұлпар» балабақшасы, №58 «Өркен» балабақшасы, №71 «Мөлдір» балабақшасы, сонымен қатар №50 «Қазғарыш» мектеп – лицейі қатысты. Кеш барысында балабақша бүлдіршіндері мен мектеп оқушылары, ата-аналар мен ұастаздар қауымы Абайдың рухани әлеміне саяхаттап, өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқып, әндерін орындап өнерлерін көрсетті.
Әдеби кешке арнайы шықырылған қонақтар: Нұр-Сұлтан қаласының Білім беру жаңғырту орталығының директоры Г. Ибраева, Қазақстан Республикасы жазушылар одағының мүшесі О. Жанайдаров, «Әділет» білім беру қызметкерлерінің кәсіподағының төрағасының орынбасары Б. Наурузбаева кеш қатысушыларына ақ тілктерін айтып, осындай іс-шараның маңыздылығының жоғары екендігін атап өтті.
Сондай-ақ балабақша бүлдіршіндері Абай шығармаларының мазмұнына суреттерін салып, «Сиқырлы қылқалам» атты суреттер көрмесін ұйымдастырды. Кеш соңында барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.