6 қаңтарда білім беру жүйесінің қызметкерлері арасында жыл сайынғы денсаулық Спартакиадасы басталды, ол 5 спорт түрінен: шаңғымен сырғанау, үстел теннисі, волейбол, тоғызқұмалақ және «Туған жер - 2020» туристік жинауында өтеді.
Спартакиаданың мақсаттары:
- білім беру жүйесі қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
- білім беру ұйымдарының қызметкерлері үшін дене шынықтыру мен спортты енгізу;
- білім беру қызметкерлерінің дене дайындығының деңгейін жоғарлату;
- білім беру жүйесінің жұмысшылырының арасындағы достық қатынасты нығайту;
- үздік командаларды анықтау, астананың оқу орындары арасында тәжірибе алмасу.
Спартакиаданың ұйымдастырушылары - «Әділет» Кәсіподағы, Нұр-Сұлтан қаласының білім Басқармасы, «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы, Балалар мен жасөспірімдер туризм және өлкетану орталығы.
Жеңімпаздарды қорытындылау және марапаттау мамыр айында жоспарланған.


