Кәсіподақтың аппараты
Лауазым: Төраға
Телефон: +7 (7172) 211082
1983 жылы 14 наурызда Семей қаласында (Абай облысы) дүниеге келді.
2004 жылы Семей қаласындағы Қазақстандық гуманитарлық заң университетінің «Заңгер» мамандығын бітірді.
2017 жылы Санкт-Петербург гуманитарлық кәсіподақтар университетінің магистратурасын «Конфликтология» мамандығы бойынша бітіріп, «Білім беру ұйымдарындағы қақтығыстарды басқару» тақырыбында диссертация қорғады.
Еңбек жолын 2005 жылы Астана қаласында коммерциялық ұйымдарда заңгер ретінде бастады.
2007 жылдың 11 маусымы мен 2019 жылдың 16 тамызы аралығында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы болып істеді.
2019 жылы 17 тамызда Астана қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлерінің кәсіподағының төрағасы болып сайланды.
2013 жылдың наурызынан 2017 жылдың сәуіріне дейін – Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының Жастар ісі жөніндегі кеңесінің төрағасы болды.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Кәсіподақтар туралы», «Педагог мәртебесі туралы» және т.б. Қазақстан Республикасының Заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі болды.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының Кеңесі мен Атқару комитетінің мүшесі.
Астана қаласының білім Бөлімінің Алқа мүшесі, Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша салалық комиссияның мүшесі, Астана қаласының білім саласындағы әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша Аймақтық комиссияның төрайымының орынбасары.
Лауазым: Құқықтық мәселелер бойынша бас маман
Телефон: +7 (7172) 217106
Лауазым: Ұйымдастыру мәселелері бойынша бас маман
Телефон: +7 (7172) 211084
Лауазым: Құқықтық мәселелер бойынша бас маман
Телефон: +7 (7172) 217106