Еңбекті қорғауды басқарудың салалық жүйесі туралы Ережесі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі негізінде «Еңбекті қорғауды басқару жүйелері. Жалпы талаптар» 12.0.003-2010 ҚР СТ талаптарын ескере отырып әзірленген және еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге және Қазақстан Республикасының Конституциясымен, еңбек заңнамасымен азаматтардың таза әрі қауіпсіз еңбек жағдайларына белгіленген құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі жүйесіндегі еңбекті қорғауды басқару жүйесі (ЕҚБЖ) саланы басқарудың барлық деңгейіндегі осы қызметті басқару мен еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты жүзеге асыру тәртібін реттеп, білім және ғылым саласы ұйымдарының функциясын анықтайды.