Жыл сайын Халықаралық еңбек ұйымы 28 сәуірді Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні деп жариялайды. Бұл шара жұмыс орнында жазатайым оқиғалар мен аурулардың алдын алуға көмектесу үшін жасалған.
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің тақырыбы: «Пандемияны тоқтату: Еңбекті қорғау өмірді сақтай алады» (түпнұсқа – «Stop the pandemic: Safety and health at work can save lives»).
Осы жылдың басынан бастап әлемнің үкіметтері, жұмыс берушілер, қызметкерлер мен қоғамдар COVID-19 пандемиясымен күресте үлкен қиындықтарға тап болды.
Осыған орай, Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніжұмыс орнында жұқпалы аурулардың өршуіне және қазіргі COVID-19 пандемиясына назар аударып,жұмысшының денсаулығын сақтауға және оны жұмыс орнында қорғауға тырысады.
Қазіргі кездің мақсаты – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша диалогты нығайту. ХЕҰ бұл күнді жұмыс орнында қауіпсіз тәжірибені қолдану туралы және еңбекті қорғау қызметтерінің рөлі туралы хабардар ету үшін пайдаланады.