Кәсіподақтың бастауыш ұйымы ұйымда құрылады, кемінде үш адамнан тұрады және заңды тұлға құрмай Астана қаласының білім беру қызметкерлері кәсіподағының құрылымдық бөлімшесі және білім беру ұйымы деңгейінде әлеуметтік әріптестікте жұмыскерлердің өкілетті өкілі болып табылады.
Бастауыш кәсіподақ ұйымын құру, қызметін тоқтату тәртібі, оның құқықтары мен міндеттері Астана қаласының білім беру қызметкерлері кәсіподағының жарғысына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бастауыш кәсіподақ ұйымы туралы ережеде айқындалады.
Ұйымдастыру жұмысы
Астана қаласының білім беру қызметкерлері кәсіподағының бастауыш ұйымын құру туралы кәсіподақ жиналысының хаттамасы (ҮЛГІ)