«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен педагог лауазымдарының тізбесі бекітілді.
Бұған дейін бұл тізім «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген.
Бұл бұйрықпен келесі сілтеме бойынша танысуға болады.