Оқушылар сарайында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М.Макен, Нұр-Сұлтан қаласының білім бөлімінің бастығы Ш.М. Кадырова, «Әділет» білім беру қызметкерлерініңкәсіподағының төрағасы Б.Ә. Әлиев «Балапан» және «Ел Арна» телеарналарында 2020 жылдың 23 наурызынан 22 мамырына дейін өткен теледидарлық сабақтардың түсіріліміне қатысқанелордалық мұғалімдермен кездесті.
Түсірілімге Нұр-Сұлтан қаласының 187 мұғалімі қатысты. Мұғалімдер төтенше жағдайға қарамастан,12 негізгі пән бойынша теледидарлық сабақтарды қазақ және орыс тілдерінде жүргізді. Барлық кезең ішінде 3300 сабақ түсірілді. Біздің мұғалімдердің арқасында бүкіл республика бойынша оқушылардың білім алуға мүмкіндіктері болды.
Сабақтардың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мұғалімдерді марапаттау туралы шешім қабылдады. Сонымен, кездесу барысында 21 мұғалімге «Ы. Алтынсарин»және 3 мұғалімге«Білім беру ісінің құрметті қызметкері»белгісімен марапатталды. Сонымен қатар, 120 мұғалімге жәнеБілім беруді жаңғырту орталығының 104 әдіскерінеҚұрмет грамотасы ұсынды.
Кездесу соңында мұғалімдер қашықтықтан оқыту және теледидарлық сабақтар туралы пікір алмасты.
Кездесу жылы және достық жағдайда өтті.
Барлық мұғалімдерге зор денсаулық және педагогикалық қызметін жүзеге асыруда сәттілік тілейміз! Сіздер білім жүйесінің жүрегі екендігіңізді тағы бір дәлелдедіңіз!