Ағымдағы жылдың 25 маусымы online режімінде Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлерінің кәсіподағының төралқаотырысы өтті. Отырысты Кәсіподақ төрағасы Батыр Әлиев жүргізді.
Төралқа мүшелері келесі мәселелерді қарастырды: төтенше жағдай кезінде Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарындағы жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау; кәсіподақ оқуы; 2019 жылдағыұжымдық шарттардың нәтижелері; «Әділет» Кәсіподағының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудағы міндеттері; кәсіподақ мүшелік жарналарынтөлеужәне жұмсау тәртібі туралы ережені орындау.
Сонымен қатар, отырыста «Нұр-Сұлтан қаласының«Әділет»білім беру қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» байқауы туралы, сондай-ақ «Әділет» Кәсіподағың марапаттары туралы Ережелер бекітілді.
Төралқа жұмысы іскерлік жағдайда өтті.