Құрметті достар!
Барлық сала қызметкерлері мен еңбек ардагерлерін «Еңбек күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздер адал еңбектеріңіздің арқасында өз салаларыңыздың гүлденуіне үлес қосып келесіздер.
Бұл жас мемлекетіміздің өркендеуіне, бәсекеге қабілетті ел болып дамыған елдермен тереземіз тең болуына бірден бір негізі болары сөзсіз!
Олай болса, сала қызметкерлерін айтулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қажымас қайрат тілейміз!
Білім саласына сіңірген еңбектеріңіз болашақ ұрпақтың сауатты, адал және тәрбиелі болып қалыптасуына ықпал ететінін ескерсек, бұл ұлт болашағына деген үлкен жауапкершілік екені даусыз. Осы жолда қанаттарыңыз талмай, ұлт тәрбиелеуге қосқан еңбектеріңіз еселене берсін демекпіз! Мереке құтты болсын!