Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығында «ӘДІЛЕТ» кәсіподағының бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды.
Іс-шараға «ӘДІЛЕТ» кәсіподағының төрағасы Батыр Алиев, Білім беруді жаңғырту орталығының директоры Алия Макышева және орталық қызметкерлері қатысты.
Орталықтың миссиясы - жоғары кәсіби педагогтар қауымдастығын қалыптастыру және заманауи тәсілдерді жұмысқа енгізу арқылы Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарын әдістемелік қамтамасыз ету.
Бастауыш кәсіподақ ұйымы «ӘДІЛЕТ» кәсіподағының жарғылық мақсаттары мен міндеттерін іске асыру, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін құрылды.
Кездесу барысында Батыр Алиев қызметкерлерге еңбек заңнамасының нормалары, педагогтерге оның ішінде методистерге еңбекақы төлеу жүйесіндегі қосымша төлемақылардың жаңа түрлері, «Білім туралы» және «Педагог мәртебесі туралы» Заңдарын түсіндірді.
Іс-шарада педагогтардың аттестаттаудан өту ережелері мен санат беру тәртібі, білім беру жүйесінің басқа да заңнамалық актілері талқыланды.
Орталық қызметкерлерімен пікір алмасып, олардың сұрақтарына жауаптар берілді. Қатысушылар пайдалы ақпараттар үшін алғыстарын білдірді.