Елордада «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» Республикалық байқауы қорытындыланды.
Байқаудың мақсаты - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыру тиімділігін арттыру, жұмыс берушілердің білім беру ұйымдарында қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына заңды құқықтары мен мүдделерін қадағалау, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруларды төмендету, техникалық инспекторлар қызметін жетілдіру мен ынталандыру.
Байқауға республиканың барлық аумақтарынан мектепке дейінгі, орта, қосымша білім беру, техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі ұйымдардың, жоғары оқу орындарының техникалық инспекторлары қатысты. Нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен қатысушылар марапатталды.
Республикалық байқауға белсенді қатысқаны үшін Нұр-Сұлтан қаласы «А.Байтұрсынов атындағы №48 мектеп-лицейі» директорының әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасары Аскарова Орынбасар Тасболатовна және Нұр-Сұлтан қаласы «№74 «Дәурен» балабақшасы» меңгерушісінің әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасары Оразбаева Сания Кавиденовна Құрмет грамоталарымен және сыйлықтармен марапатталды.
Қатысушыларға «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының атынан алғыс білдіреміз.
Аталған шара 2019 жылдан бастап өткізілуде. Кәсіподақ ұйымдарындағы техникалық инспекторлардың белсенділігін ескере отырып байқауды жүйелі түрде жыл сайын өткізу жоспарлануда.