10 қазан Кәсіподақтар күні қарсаңында сала ардагерлері мен қызметкерлерін айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз.
Қазақта «Әлемнің әміршісі – еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек» деген қанатты сөз бар. Табысты еңбек — қызметкердің құқықтық мүдделері қорғалғанда, барлық тараптармен ынтымақтастық орнағанда ғана мүмкін болады. Осы бағытта Кәсіподақ ұйымының атқаратын рөлі орасан зор. Кәсіподақтар қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында туындайтын мәселелерді дер кезінде шешу, жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған әлеуметтік диалогтың жаңа түрлерін дамытуды жүзеге асырып келеді.
Сонымен қатар жаңғырған жаңа заманға лайықты, әрбір қызметкердің еңбек құқықтарын тиісті дәрежеде қорғайтын, еңбек қауіпсіздігі мен әлеуметтік әділеттілік принциптерін басшылыққа алу – кәсіподақтардың басты мақсаты.
Барша сала ардагерлері мен қызметкерлерін мерекемен құттықтаймыз.
Еліміздің дамуына қосқан үлестері мен адал еңбектеріне алғысымызды білдіреміз.