Нұр-Сұлтан қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің іс-шаралар жоспарына сәйкес Кәсіподақтар күніне орай орта білім беру мекемелерінің басшыларымен кездесу өтті.
Кездесуге Нұр-Сұлтан қ. Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің директоры Бағымкүл Көптілеуова және Нұр-Сұлтан қ. «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Батыр Алиев қатысты.
Іс-шарада әлеуметтік әріптестік тараптары арасында келісімдер жасау және ұжымдық шарттарды орындау мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар еңбекті қорғау бойынша «Үздік техникалық инспектор» байқауының нәтижелері таныстырылды.
Қатысушыларға еңбек заңнамасының нормалары, педагогтерге оның ішінде методистерге еңбекақы төлеу жүйесіндегі қосымша төлемақылардың жаңа түрлері, «Білім туралы» және «Педагог мәртебесі туралы» Заңдары түсіндірілді.
Кездесу соңында Бағымкүл Көптілеуова барша сала қызметкерлерін Кәсіподақтар күні мерекесімен құттықтап, алдағы жұмыс жоспарларына сәттілік тіледі.
«Әділет» білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне аталған кездесуді ұйымдастырып, бірлескен жұмыс үшін алғыс білдіреді.
Кәсіподақ жаңалықтары
Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен бірлесіп орта білім беру мекемелерінің басшыларымен кездесу өтті
9 қазан 2020