«Әділет» Кәсіподағының Төралқа отырысы өтті. Іс-шараны «Әділет» кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев ашып, Төралқа мүшелерін күн тәртібімен таныстырды.
Отырыста «Әділет» кәсіподағы мен бастауыш ұйымдарда ақпараттық жұмысты одан әрі жетілдіру жағдайы мен шаралары туралы; әлеуметтік және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша №10 мектеп-гимназиясының жұмысы және Кәсіподақтың мүшелік базасын кеңейту және нығайту бойынша №4 «Аружан» балабақшасының жұмысы туралы; «Әділет» кәсіподағы аппаратының жұмыс регламенті туралы; «Әділет» кәсіподағына сайланған және қызметкерлер құрамының этикасы туралы ереже; «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» Республикалық байқауының және «Әділет» Кәсіподағының үздік бастауыш ұйымы» байқауының нәтижелері; Кәсіподақ активінің наградалары туралы; «Әділет» Кәсіподақ Кеңесінің кезекті отырысы туралы мәселелер талқыланды.
Іс-шара барысында Батыр Әлиев бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын күшейту жөнінде атап өтті. Сонымен қатар кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау басты назарда екенін айтты.
Төралқа мүшелері аталған мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді. Барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.