«Әділет» білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы жыл сайын өткізілетін «Мектепке жол» акциясын биыл да жалғастырды.
Акция жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына және науқас балаларға қолдау көрсету мақсатында жүргізілді.
Аталған шара Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен жүзеге асырылғанын атап өту қажет.
Бұл дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан шара балалар үшін де, ата-ана үшін де үлкен қолдау, көмек болатыны сөзсіз.
Акция барысында «Әділет» Кәсіподағының төрағасы Батыр Алиев елордадағы №2 Оңалту орталығы, №1 және №3 Арнайы мектеп-интернат, № 1 және №3 Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру, № 1 және №2 Психологиялық педагогикалық түзету кабинеттері, №1 Оңалту орталығының балаларына мектепке қажетті кеңсе құралдарын табыстады.
«Әділет» Кәсіподағы балалар мен ата-аналарға зор денсаулық тілей отырып, жаңа оқу жылына сәттілік тілейді.