«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы тұрақты түрде қатысуда.
Елордалық № 20, 43 орта мектептері және № 63 мектеп-гимназиясының 42 оқушысына «Әділет» кәсіподақ ұйымынан көмек көрсетілді. Олардың арасында аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары бар.
Акция барысында оқушыларға қысқы киімдер мен спорт костюмдері табысталды.
«Әділет» Кәсіподағы оқушыларға денсаулық және оқу жылына сәттілік тілейді.
Ата-аналар балаларға мейірімділік көрсетіп, көмек көрсеткендері үшін кәсіподақ ұйымына алғыстарын білдірді.