Ресей Федерациясы Халықтық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Мәскеу қалалық ұйымы жас педагогтер арасында «Педагогический старт — 2020» байқауын ұйымдастырған болатын.
Байқаудың мақсаты — жас педагогтердің шығармашылық қырын ашу, педагогикалық қызметке ынтасын күшейту, жұмыс тәжірибесімен алмасуға жағдай жасау, жастардың педагогикалық бастамаларын дамытуға ықпал ету және осы қызметтің беделін арттыру.
Аталған байқауға қатысуға Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарының жас педагогтері белсенділік танытып, қатысуға өтініш білдірді.
Нұр-Сұлтан қаласынан үздік 5 үміткердің жұмысы іріктеліп, Мәскеу қаласына жолданды.
Мәскеу қаласы Кәсіподағының Төралқа шешімімен байқау жеңімпаздары анықталды.
№ 31 мектеп-гимназиясының денешынықтыру пәнінің мұғалімі Евгений Семенков «Личный опыт» номинациясын жеңіп алды.
Сонымен қатар № 22 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Жулдыз Даулетхожанова, Политехникалық колледждің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Жулдыз Салыкбаева, № 6 гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Анастасия Гуртовая, № 31 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Марем Чумак байқауға белсенді қатысқандары үшін дипломмен марапатталды.
Жеңімпаздарды аталған жеңістерімен құттықтай отырып, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы қызметтеріне сәттілік тілейміз!