«Әділет» Кәсіподағының кезекті Төралқа отырысы өтті.
Отырыста «Нұр-Сұлтан қаласының үздік жас педагогі» байқауының ережесі; № 17 мектептің және № 80 «Ботақан» балабақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысы; Нұр-Сұлтан қ. «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы мәселелер талқыланды.
Іс-шара барысында Батыр Әлиев бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын күшейту жөнінде атап өтті. Сонымен қатар кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау басты назарда екенін айтты.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақтың үздік бастауыш ұйымы» байқауының ережесі талқыланды. Аталған байқауды 2021 жылы өткізу жоспарланған.
Төралқа мүшелері аталған мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді. Барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.