«Әділет» Кәсіподағының төрағасы Батыр Алиевтың қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарының іс жүргізушілерімен онлайн семинар өтті.
Семинар барысында еңбек заңнамасының нормалары, «Білім туралы» және «Педагог мәртебесі туралы» Заңдары, педагогтерге оның ішінде методистерге еңбекақы төлеу жүйесіндегі қосымша төлемақылардың жаңа түрлері, білім жүйесінің құқықтық заңнамалық актілері талқыланды.
Кездесу соңында қатысушылар қызықтырған сұрақтарына жауап алып, алғыстарын білдірді. Іс-шара еркін диалог форматында жүргізілді.