16 сәуірде Шымкент қаласының білім қызметкерлері кәсіподағының активімен кездесу өтті.
Жиынға Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Бауыржан Алтеев, Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Шымкент қалалық ұйымының төрайымы Лариса Тургинбаева, Нұр-Сұлтан қаласының "Әділет" білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, атқару комитетінің мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының XXVI съезінің шешімдерін жүзеге асыру; Әлеуметтік серіктестік туралы Келісімге және ұжымдық шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу; "Әділет" Кәсіподағының кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау бойынша тәжірибелері; бүгінгі пандемия мен карантиндік шараларға байланысты қолайлы еңбек жағдайларын жасау, әлеуметтік шиеленісті болдырмау және алдын-алу үшін Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңындағы басым мәселелер қаралды.
Кездесу барысында республикалық маңызы бар қалалар Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалық кәсіподағы арасында тәжірибе алмасу бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумның мақсаты — кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау саласындағы ақпарат пен тәжірибе алмасу; аналитикалық және әдістемелік материалдарды пайдалану; кәсіподақ мүшелерінің өмір сапасын жақсартуға, жас мамандарды қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру;кәсіподақ қозғалысының нығаюына ықпал ететін іс-шаралар барысында делегациялармен алмасу; білім беру жүйесін және кәсіподақтардың озық тәжірибесін зерттеу; білім беру жүйесінде кәсіподақ мүшелерінің өмір сүру деңгейін жақсартуға ықпал ететін кәсіподақ қозғалысының үздік дәстүрлері бойынша тәжірибе алмасу.
Атқарылған жұмыстар кәсіподақ қозғалысын дамытуға және кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға ықпал ететін болады.
Бұдан бөлек, Шымкент қаласына сапар барасында санаторлық-курорттық орындардың өкілдерімен кездесу өткізу жоспарлануда.