Бүгін Жеңіс туы желбіреген күн.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік, еңсеміздің биік болуы Ұлы жеңістің арқасы.
Сіздерді 9 мамыр – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Рухымызды көтеретін Ұлы мереке қарсаңында Отан үшін отқа түсіп, жеңіс сыйлаған ардагерлерге мың алғыс айтамыз. Тәуелсіздік пен бостандық үшін жанын қиған жандар мәңгі есімізде!
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасының басшысы Шәкәрім Сейсенбаймен бірлесіп білім саласының ардагерлерін айтулы мереке қарсаңында құттықтады.
Соның бірі — Тыл ардагері Отызбай Сүйіндікұлы.
Ол еңбек жолын 1947 жылы Ақмола қаласындағы мектептен бастаған. 30 жыл Нұр-Сұлтан қаласының Гуманитарлық колледжін басқарған.
Сонымен қатар білім саласында адал қызмет етіп, жас ұрпақ тәрбиелеу жолында еңбек еткен ардагер-ұстаздарға да алғыс білдірілді.
Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз!
Біз сіздермен мақтанамыз!