Жыл сайын өткізілетін «Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» қалалық байқауы қорытындыланып, жеңімпаздар мен қатысушылар марапатталды.
Байқаудың мақсаты — еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыру тиімділігін арттыру, жұмыс берушілердің білім беру ұйымдарында қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына заңды құқықтары мен мүдделерін қадағалау, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруларды төмендету, техникалық инспекторлар қызметін жетілдіру мен ынталандыру.
Байқау комиссиясының шешімі бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
I орын – Глущенко Виктор Васильевич, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «ASTANA POLYTECHNIC» жоғары колледжі» ШЖҚ МКК техникалық қауіпсіздік жөніндегі инспекторы.
II орын – Аскарова Орынбасар Тасбулатовна, Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасының № 48 мектеп-лицейінің техникалық қауіпсіздік жөніндегі инспекторы, директордың әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасары.
III орын – Алшинбаева Алия Дуйсековна, Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасының № 30 «Қайнар» балабақшасының техникалық қауіпсіздік жөніндегі инспекторы, директордың әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасары.
Байқаудың барлық номинанттары «Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» атағына ие болды.
Байқауға белсенді қатысқаны үшін ынталандыру марапаттары берілді:
- Оразбаева Сания Кавиденовна – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің № 74 «Дәурен» балабақшасының еңбек қауіпсіздігі жөніндегі техникалық инспекторы, меңгерушінің әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасары;
- Изеев Максут Жаксыбаевич – Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасының № 2 мектеп-гимназиясының еңбек қауіпсіздігі жөніндегі техникалық инспекторы, технология пәнінің мұғалімі;
- Маймакова Лаззат Кайровна – Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасының № 16 орта мектебінің еңбек қауіпсіздігі жөніндегі техникалық инспекторы, директордың әкімшілік-шаруашылық жөніндегі орынбасары;
- Смагулов Даулет Серикович – Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасының № 31 мектеп-гимназиясының еңбек қауіпсіздігі жөніндегі техникалық инспекторы, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
Байқау кәсіподақтың техникалық инспекторлары арасында үлкен қызығушылыққа ие болды.