Бүгін № 51 мектеп-гимназия ұжымымен кездесу өтті.
Кездесуге мектеп директоры, «Әділет» Кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев және мектеп ұжымы қатысты.
Кездесу барысында № 51 мектеп-гимназиясының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Орык Ибраеваның ұжымдық шартты жүзеге асыру, кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек көрсету, ұйымда мәдени іс-шаралар өткізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы есебі тыңдалды.
Өз кезегінде «Әділет» Кәсіподағының төрағасы Батыр Алиев еңбек заңнамасының нормалары, «Білім туралы» және «Педагог мәртебесі туралы» Заңдары, педагогтерге оның ішінде методистерге еңбекақы төлеу жүйесіндегі қосымша төлемақылардың жаңа түрлері, сонымен қатар білім жүйесінің құқықтық заңнамалық актілерін түсіндірді.
Сонымен қатар ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы арасындағы Салалық келісім, Нұр-Сұлтан қ. Білім басқармасы мен «Әділет» Кәсіподағы арасындағы Аумақтық келісім және ұжымдық шарттардың нормалары түсіндірілді.
Іс-шара еркін диалог форматында жүргізілді. Кездесу соңында педагогтар қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.