28 маусымда Тараз қаласында Жамбыл облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының активімен кездесу өтті.
Кездесуге Жамбыл облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Е. Мағзымбеков, Нұр-Сұлтан қ. «Әділет» Кәсіподағының төрағасы Б. Әлиев сонымен қатар «Әділет» Кәсіподағының Төралқа мүшелері мен Жамбыл облысының кәсіподақ активі қатысты.
Іс-шараның мақсаты — кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау саласындағы ақпарат пен тәжірибе алмасу; кәсіподақ мүшелерінің өмір сапасын жақсартуға, жас мамандарды қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру; кәсіподақ қозғалысының нығаюына ықпал ететін іс-шаралар барысында делегациялармен алмасу; білім беру жүйесінде кәсіподақ мүшелерінің өмір сүру деңгейін жақсартуға ықпал ететін кәсіподақ қозғалысының үздік дәстүрлері бойынша тәжірибе алмасу.
Семинарда: Жамбыл облыстық кәсіподағының жарғылық мақсаттары мен міндеттерін тиімді жүзеге асыру жөніндегі қызметі туралы; «Әділет» кәсіподағының әлеуметтік серіктестікті дамыту және білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу бойынша жұмыстары туралы; Жамбыл облыстық кәсіпдағының құқықтық инспекциясының негізгі жұмыс бағыттары мен оларды ұйымдастыру; «Astana Polytechnic» жоғары колледжінің бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ мүшелік базасын кеңейту және нығайту бойынша жұмысы туралы; Жамбыл облыстық кәсіпдағының оқу-әдістемелік және ақпараттық жұмысы туралы сұрақтар талқыланды.
Семинар соңында қатысушылар қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Іс-шара еркін диалог форматында өтті.