Тараз қаласында Нұр-Сұлтан қ. «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының Төралқа отырысы өтті.
«Әділет» Кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев отырысты ашып, Төралқа мүшелерін күн тәртібімен таныстырды.
Төралқа отырысында: ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заңын жүзеге асыру бойынша әлеуметтік сауалнама нәтижесі туралы; «Әділет» Кәсіподағының активін оқыту жағдайы туралы; «Әділет» Кәсіподағының бастауыш ұйымдарының жұмысы туралы; «Әділет» Кәсіподағының 2020 жылғы құқықтық қорғау жұмыстарының нәтижелері туралы; «Нұр-Сұлтан қ. «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» байқауының нәтижелері туралы сұрақтар қарастырылды.
Отырыста кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау, білім беру ұйымының басшылығымен бірлескен іс-шаралар, кәсіподақ мүшелерін материалдық қолдау бойынша № 33 «Алтын дән» балабақшасы, № 48 мектеп-лицейі,
№1 балалар музыка мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының атқарған жұмыстары тыңдалды.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру және қоғамда педагогтың әлеуметтік мәртебесін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларында жоғары оқу орындаоынан бөлек білім беру ұйымдарының педагогтары арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнамада педагогтардың еңбек жағдайлары, кепілдіктер мен жеңілдіктер, олардың кәсіби шеберліктерін арттыру және т.б. анықтау бөлігінде жұмыс берушілер мен мемлекеттік органдардың ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заңының ережелерін орындауына қатысты барлық негізгі сұрақтар қойылды.
ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заңының ережелерін жүзеге асыру бойынша мониторингті одан әрі жалғастыру қабылданды.
Сонымен қатар, Батыр Алиев бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмыстарын күшейту және басты назарды кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтарын және мүдделерін қорғауға аудару қажеттігін атап өтті.
Ұйымдастырушылық сұрақтарды талқылау барысында Батыр Алиев «Нұр-Сұлтан қ. «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» байқауының маңыздылығын айтты.
Төралқа мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты пікірлерін айтып, барлық сұрақтар бойынша тиісті қаулылар қабылданды.