Құрметті ұстаздар қауымы және білім саласының ардагерлері! Сіздерді «Мұғалімдер күнімен» шын жүректен құттықтаймыз!
Білім теңізінде қанаттанған әрбір адам ұстазымен мықты. Сіздер ашық-жарқын көңілдеріңізбен оқушылардың жан дүниесін нұрландырып, жеке тұлға болып қалыптасуы үшін тер төгіп келесіздер.
Шәкірт тәрбиелеп, елдің болашағын қалыптастыруға жұмсаған еңбектеріңіз ешнәрсемен өлшенбейді. Ардақты ұстаздар қандай да болмасын мадаққа, марапатқа лайық.
Ұлт болашағын тәрбиелеп отырған ұстаздар қауымына шығармашылық табыс тілей отырып, еңбектеріңіз еселене берсін демекпіз!
Елдің жарқын келбеті – Сіздердің ерен еңбектеріңіздің жемісі. Қанаттарыңыз талмай, талай шәкіртті алтын ұядан ұшырып, саналы ұрпақ болып қалыптасуына сіңіретін қызметтеріңізге сәттілік, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілейміз!
Құрметпен, Нұр-Сұлтан қ. «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіптік одағының төрағасы Батыр ӘЛИЕВ.