Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы № 46 мектеп-кешенінің жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру сабағын өткізуге қатысты.
Сабақтың мақсаттары:
- оқушыларға құқықтық еңбек қатынастары туралы түсінікті және еңбек шартының тараптарын білу;
- кәмелетке толмағандарды еңбек құқықтары мен міндеттерімен таныстыру;
- кәсіподақтың еңбек қатынастарын реттеудегі рөлімен таныстыру;
- оқушылар арасында жұмысқа және кәсіподаққа деген оң көзқарасты қалыптастыру.
Сабақ өткізу кезінде «Әділет» Кәсіподағы келесі міндеттерді алға қойды:
- оқушыларды Қазақстан Республикасының заңнамасымен таныстыру;
- кәсіподақтың еңбек қатынастарын реттеудегі қызметін ашып көрсету;
- кәсіподақ ұйымдарының жұмысына азаматтардың қатысуының маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру;
- оқушылардың азаматтық позициясын арттыру, өзіне, ұжымға, қоғамға жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
Сабақьы «Әділет» Кәсіподағының төрағасы Б. Әлиев жүргізді. Ол оқушылардың еңбек құқықтарын білуге қызығушылығын сондай-ақ кәсіптік бағдар беру сабақтары жоғары сынып оқушылары арасында жұмысқа деген саналы оң көзқарасты қалыптастыратынын, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыратынын атап өтті..
Жұмыс барысында жастардың өз құқықтары мен міндеттерін, сондай -ақ оларды қорғай білу қабілеті болуы маңызды.
«Әділет» Кәсіподағы мектеп директоры Р. К: Каскабаевқа, директордың орынбасары М.П. Сералиевке, сондай-ақ мектеп ұжымына сабақты ұйымдастырғаны үшін ерекше алғыс білдіреді.
«Әділет» Кәсіподағының сабақ өткізуі оқушылардың құқықтарын, сондай-ақ жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғаудағы кәсіподақ ұйымының рөлі мен маңыздылығын түсіндіруге көмектесетіні жақсы дәстүрге айналады деп сенеміз.