Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының Кеңес отырысы өтті.
Іс-шараға «Әділет» Кәсіподағының төрағасы Батыр Алиев, Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақтар орталығының төраға орынбасары Қайрат Султаналин, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бөлім басшысы Ернар Иманбаев және Кеңес мүшелері қатысты.
Кеңес отырысында «Әділет» Кәсіподағының 2021 ж. атқарылған жұмыстар туралы; Қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақтар орталығымен өзара ынтымақтастықты жақсарту туралы; ҚР Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы мәселер талқыланды.
Отырыс барысында Батыр Әлиев «Әділет» Кәсіподағымен атқарылып жатқан жұмыстар, ұжымдық шарттың нормалары, еңбек заңнамасын сақтау бойынша қоғамдық бақылау, кәсіподақ мүшелеріне матриалдық көмек көрсету, білім саласындағы нормативтік құқықтық актілер туралы ақпарат берді. Сонымен қатар бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмыстарын күшейту қажеттігін айтты.
Ернар Иманбаев Кәсіподақтың XIV Съезінде бекітілген Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының 2019-2024 жылдарға арналған бағдарламасының ережелерін іске асыра отырып, жарғылық міндеттерді орындау мәселелерінде елордалық кәсіподақ ұйымдарының жұмысын одан әрі жандандыру жөнінде атап өтті.
Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіподақтар орталығының «Әділет» Кәсіподағымен бірлесіп кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқығы мен мүдделерін қорғауға бағытталған жұмыстар атқаруда және бұл бағытта жұмыстар жалғасатын болатынын айтты.
Кеңес шеңберінде «Әділет» Кәсіподағының бастауыш ұйым төрағалары ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды.
Кәсіподақ активін марапаттарымен құттықтаймыз.