йқаудың мақсаты — педагог мәртебесін арттыру, білім қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі Кәсіподақтың қоғамдағы рөлін арттыру, педагогикалық кәсіптің маңыздылығы мен беделін арттыру, жас педагогтардың шығармашылық қырын ашу, тәжірибе алмасуға жағдай жасау және педагогикалық бастамаларды дамытуға ықпал ету.
Аталған байқау «Әділет» Кәсіподағының ұйымдастыруымен өтті.
Байқауға Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарынан 100-ге жуық жас педагог қатысты.
Байқауға қатысушылар білім беру саласына жаңалықтар енгізу, жас педагогтарды ынталандыру, кәсіподақ жұмысының тиімділігі туралы эссе жазды. Сонымен қатар қатысушылар өз пәні бойынша жаңартылған әдіспен сабақ үйрету барысын бейнежазбаға түсіріп, ұсынды.
Іс-шарада «Әділет» Кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев байқаудың жоғары деңгейде өткенін және жас педагогтардың белсенді қатысқанын атап өтті.
Сонымен қатар кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқығы мен мүдделерін қорғауға бағытталған жұмыстар одан әрі жалғасатынын және жас педагогтарды ынталандыру бойынша байқаулардың жалғасатынын айтты.
Байқауға белсенді қатысқандар «Әділет» Кәсіподағының Жастар кеңесінің құрамына қосылады.
Сөз соңында байқауға белсенді қатысқан жас педагогтарға алғысын білдірді. Жұмыстарына сәттілік тілей отырып байқау нәтижесін жариялады.
Байқау қорытындысы:
I орын (50 000 теңге сертификат) – Кайрова Нуржауган Дархановна, №66 мектеп-лицейінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.
II орын (35 000 теңге сертификат) – Калиева Перизат Айнекибаевна, №65 мектеп-гимназияның орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.
II орын (35 000 теңге сертификат) – Еңбекші Меңсұлу Сүйіндікқызы, №57 орта мектептің мұғалімі.
III орын (25 000 теңге сертификат) – Набатбек Ерғали Алдабергенұлы, №58 мектеп-гимназияның физика пәні мұғалімі.
III орын (25 000 теңге сертификат) – Жүсіп Аида Амантайқызы, №15 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі.
III орын (25 000 теңге сертификат) – Арай Байысхан, №90 гимназияның қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Белсенді қатысқан жас педагогтарға Байқау Ережесіне сәйкес келесі номинациялар табысталды:
«Үздік эссе» номинациясы (15 000 теңге сертификат) – Женисхан Дәуіргүл, №62 балабақша тәрбиешісі.
«Үздік бейнеролик» номинациясы (15 000 теңге сертификат) – Кәрімжан Асыл Елжанқызы, №82 «Дарын» лицейінің педагог-модераторы;
«Креативті педагог» номинациясы (15 000 теңге сертификат) – Какенова Алия Маратовна, М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының педагогы;
«Белсенді қатысушы» номинациясы (15 000 теңге сертификат) – Назаров Елжан Серікбекұлы, №78 мектеп-гимназияның оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары.