Бүгін № 3 Балалар музыка мектебінің ұжымымен кездесу өтті.
Іс-шараға «Әділет» Кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев және ұйым қызметкерлері қатысты.
Өз кезегінде «Әділет» Кәсіподағының төрағасы Батыр Алиев еңбек заңнамасының нормалары, «Білім туралы» және «Педагог мәртебесі туралы» Заңдары, педагогтерге оның ішінде методистерге еңбекақы төлеу жүйесіндегі қосымша төлемақылардың жаңа түрлері, сонымен қатар білім жүйесінің құқықтық заңнамалық актілерін түсіндірді.
Сондай-ақ "Әділет" Кәсіподағымен атқарылып жатқан жұмыстар, ұжымдық шарттың нормалары, еңбек заңнамасын сақтау бойынша қоғамдық бақылау, кәсіподақ мүшелеріне матриалдық көмек көрсету, білім саласындағы нормативтік құқықтық актілер туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы арасындағы Салалық келісім, Нұр-Сұлтан қ. Білім басқармасы мен «Әділет» Кәсіподағы арасындағы Аумақтық келісім және ұжымдық шарттардың нормалары түсіндірілді.
Іс-шара еркін диалог форматында жүргізілді. Кездесу соңында қатысушылар қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.