12 қарашада «Әділет» Кәсіподағының бастамасымен Сервис және туризм колледжінің базасында «білім беру ұйымдарының кір жуу машиналарының операторларына» арналған курстар ұйымдастырылды.
Оқуды «Әділет» Кәсіподағының төрағасы Б. Әлиев пен Колледж директоры С. Басығараева ашты.
С. Басығараева алғы сөзінде операторларға сәттілік тілеп, оларды оқу кестесімен және оқу бағдарламасымен таныстырды. Операторлар колледждің әлеуметтік серіктестері болып табылатын Нұр-Сұлтан қаласындағы беделді қонақ үйлерде өндірістік тәжірибеден өтеді.
Өз кезегінде Б. Әлиев кір жуу машиналарының операторларына еңбекақы төлеу жүйесі, атап айтқанда: еңбекақы қалай қалыптасады, білікті жұмысшыларға қосымша төлемдер мен үстемеақылардың қандай түрлері бар, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап төменгі жалақының 60 000 теңгеге дейін көтерілуіне байланысты жалақының ұлғаюы туралы қысқаша айтып өтті. Сондай-ақ осы мүмкіндікті пайдаланып, қызықтырған бірқатар сұрақтарға жауап берді.
Курстарды өту операторларға үшінші біліктілік санатын беру туралы сертификаттар алуға мүмкіндік береді. Сәйкесінше олар жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы алуға құқылы.
Бұған дейін «Әділет» Кәсіподағы бұл мәселеге қатысты келесі түсініктеме берген еді:
ҚР Еңбек кодексінің 101 бабы 8 тармағына сәйкес (бұдан әрі –ҚРЕК) Жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен белгілі бір жұмыс түрлерінің күрделілігі кәсіптік стандарттар негізінде, ал олар болмаған кезде Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы үлгілік біліктілік сипаттамалары негізінде белгіленеді.
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (62-шығарылым) бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 68 бұйрығының 21-24 параграфтарында (44-51 тармақтар) «2-5 санаттағы кір жуу машиналарының операторы» лауазымына тарифтік-біліктілік сипаттамалары қамтылған. Осылайша, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган кір жуу машиналарының операторлары үшін белгілі бір білім мен дағдыларды белгілейді.
Сондай-ақ, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 11.05.2017 жылғы № 130-од бұйрығымен бекітілген және қолданысқа енгізілген Кәсіптердің классификаторында кір жуу машина операторларының жұмысын білікті еңбек категориясына жатқызған.
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 3-қосымшасы негізінде орындалатын жұмыстарды белгілі бір күрделілікке жатқызу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына сәйкес жүргізіледі. Азаматтық қызметшілердің құрамына білікті жұмысшылар кіреді.
Демек, «кір жуу машиналарының операторы» лауазымындағы жұмысшылар білікті жұмысшылар және азаматтық қызметкерлер болып табылады. Олар ҚРЕК 139 бабы 10-тармағына сәйкес сауықтыруға арналған жәрдемақы төленетін ұзақтығы күнтізбелік 30 күннен кем емес жыл сайынғы еңбек демалысына құқығы бар екенін білдіреді.
Бұдан бөлек, «Ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін, жұмыс істеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысына және еңбекке ақы төлеудің жоғарылатылған мөлшеріне құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, сондай-ақ оларды беру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1053 бұйрығының 46 бөлімі 179 тармағының 3) тармақшасына сәйкес кір жуу машиналарының операторларына 6 күнтізбелік күн жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысы беріледі.
Осылайша, білім беру ұйымдарының кір жуу машиналарының операторлары сауықтыру жәрдемақысын төлей отырып, ұзақтығы 36 күнтізбелік күн (30 күнтізбелік күн негізгі + 6 күнтізбелік қосымша демалыс) жыл сайынғы еңбек демалысына құқылы.
«Әділет» Кәсіподағы курстарды ұйымдастыруға ықпал еткен колледж директоры С. Басығараеваға, сонымен қатар колледж ұжымына алғысын білдіреді.
Жоғарыда аталған курстарды оқығысы келетіндер Нұр-Сұлтан қаласының Сервис және туризм колледжіне хабарласа алады.
Келесі сілтеме бойынша «Әділет» Кәсіподағының ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жазған хатымен таныса аласыз: https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=565038367957285&id=100033533812243