«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы тұрақты түрде қатысуда.
Елордалық № 13, 49 орта мектептері және № 12 балабақша-бастауыш-мектеп кешенінің 41 оқушысына «Әділет» кәсіподақ ұйымынан көмек көрсетілді. Олардың арасында аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары бар.
Акция барысында оқушыларға қысқы киімдер, аяқ киімдер мен спорттық киімдер табысталды.
«Әділет» Кәсіподағы оқушыларға мықты денсаулық және оқу жылына сәттілік тіледі.
Ата-аналар балаларға мейірімділік көрсетіп, көмек көрсеткендері үшін кәсіподақ ұйымына алғыстарын білдірді.