№ 13 орта мектептің ұжымымен кездесу өтті.
Кездесуге мектеп директоры Арман Муканов, «Әділет» Кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев және мектеп ұжымы қатысты.
Өз кезегінде «Әділет» Кәсіподағының төрағасы Батыр Алиев еңбек заңнамасының нормалары, «Білім туралы» және «Педагог мәртебесі туралы» Заңдары, педагогтерге оның ішінде методистерге еңбекақы төлеу жүйесіндегі қосымша төлемақылардың жаңа түрлері, сонымен қатар білім жүйесінің құқықтық заңнамалық актілерін түсіндірді.
Сонымен қатар Батыр Әлиев «Әділет» Кәсіподағымен өткізіліп жатқан семинарлар туралы, оның ішінде жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі Келісу комиссиясының мүшелеріне арналған семинарлар туралы ақпарат берді.
Іс-шара еркін диалог форматында жүргізілді. Кездесу соңында педагогтар қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.