Аталған байқауды Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы «Әділет» Кәсіподағымен бірлесіп ұйымдастырды.
Байқауға ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар қатысты.
Байқау ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау мақсатында өткізілді.
Байқаудың негізгі міндеттері: балалардың шығармашылық қабілетін ашу және әлеуметтік бейімделуіне қолайлы жағдай жасау; балалардың шығармашылық әрекетіне қоғамның назарын аудару; ақпараттық кеңістікте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық әрекеттерін танымал ету.
Шара соңында Батыр Әлиев жеңімпаздарды құттықтап, бағалы сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ балаларға зор денсаулық, табыс тіледі.