Алматы қаласында «Кәсіподақ қызметі туралы үздік бейнеролик» республикалық байқауы қорытындыланды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С. Даулеталин, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы А. Мұқашева және салалық кәсіподақтың ардагерлері қатысты.
Республикалық байқау қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының № 14 «Ақбөпе» балабақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымы III орынды жеңіп алды. Бастауыш кәсіподақ ұйымы дипломмен марапатталды және 250 000 мың теңге сертификат табысталды.
Байқаудың мақсаты - кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жөнінде кәсіподақ ұйымдарының қызметін көрсететін үгіттеу ақпараттық бейнероликтер жасау және оларды кәсіподақ мүшелерінің қатарына тартып, кәсіподақ ұйымдарын құру жұмысында қолдану; еңбек ұжымдарында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының беделін арттыру; кәсіподақ мүшелерінің кәсіподақ бірлігі мен ынтымақтастығын дамыту; кәсіподақ жұмысының озық тәжірибелерін тарату мақсатында өткізілді.
№ 14 «Ақбөпе» балабақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымын марапатымен құттықтаймыз. Сонымен қатар байқауға белсенді қатысқаны үшін бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Рауан Ағыбаеваға алғыс білдіре отырып, қызметте табыс тілейміз.
Аталған республикалық байқауды жоғары деңгейде ұйымдастырған Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына алғыс білдіреміз.