Білім беру ұйымдарының кір жуу машиналарының операторларына атқаратын лауазымдары бойынша курстан өткені үшін сертификаттар табысталды. Аталған курсты «Әділет» Кәсіподағы мен Нұр-Сұлтан қаласының Сервис және туризм колледжі бірлесіп ұйымдастырды.
Курстан өткені үшін операторларға үшінші біліктілік санаты бойынша сертификат алуға мүмкіндік берді. Сәйкесінше олар жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығу кезінде сауықтыруға арналған жәрдемақы алуға құқылы.
Курстың оқу бағдарламасы Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасымен бекітілген.
«Әділет» Кәсіподағы курстарды ұйымдастыруға ықпал еткен колледж директоры С. Басығараеваға, сонымен қатар колледж ұжымына алғысын білдіреді.
Жоғарыда аталған курстарды оқығысы келетіндер толық ақпарат алу үшін Нұр-Сұлтан қаласының Сервис және туризм колледжіне хабарласа алады.