Елімізде болған соңғы оқиғаларға байланысты баршаңызды бірлікке шақырамын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатын қолдап, сын сағатта қабылдаған шешімдеріне қолдау білдіретінімізді жеткізгім келеді.
Конституциялық тәртіпті орнатуға, жағдайды тұрақтандыруға, экономиканы қалпына келтіруге және сынақ кезеңде тағы да басқа қабылданған шаралар Мемлекет басшысының батыл шешімдері деп білемін.
Тәуелсіздік біздің басты құндылығымыз. Еліміздің әрбір азаматы қоғамның болашағы үшін жауапты екенін ұмытпаған жөн.
Сонымен қатар, еліміздегі қайғылы оқиғаның салдарынан ерлікпен қаза тапқан батырлардың, құрбан болған бейбіт азаматтардың отбасына және туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Марқұмдардың иманы саламат болсын.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
«Әділет» Кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев