Білім және ғылым қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шахматтан және тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтті.
Турнирдің мақсаты - білім беру саласының қызметкерлері арасында шахмат пен тоғызқұмалақты насихаттау, білім беру қызметкерлерінің тұрмысына дене шынықтыру мен спортты одан әрі енгізу, салауатты өмір салтын бекіту және білім беру қызметкерлері арасында бәсекелестік рухты ынталандыру, спорттық шеберлікті және зияткерлік қабілетті жетілдіру.
Іс-шараның ашылу салтанатына Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева, Қазақстан шахмат федерациясының вице президенті Марат Есенов, Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мақсат Шотаев қатысты.
Аталған турнирге Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағы атынан шыққан Тоғызқұмалақ бойынша №38 мектеп-лицейінің мұғалімі Гүлзада Каскырбаева II орынды жеңіп алды.
Сонымен қатар, шахмат бойынша №1 мектеп-лицейінің мұғалімі Мирас Салкимбаев, №89 мектептің мұғалімі Гульсим Джанаханова, тоғызқұмалақ бойынша № 66 мектеп-лицейінің мұғалімі Дархан Наурызбаев қатысты. Олар жарысқа белсенді қатысқаны үшін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағынан дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Кәсіподақ мүшелерін марапатпен құттықтай отырып, қызметте табыс тілейміз.
Аталған республикалық турнирді жоғары деңгейде ұйымдастырған Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына алғыс білдіреміз.