Нұр-Сұлтан қаласы кәсіподақтар орталығының Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Үйлестіру кеңесіне Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин, Нұр-Сұлтан қаласы кәсіподақтар орталығының төрағасы Төлеген Құнәділов, «Әділет» Кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев, салалық кәсіподақ төрағалары мен кәсіподақ активі, сонымен қатар «Әділет» Кәсіподағының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.
Төлеген Құнәділов 2021 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындылары және 2022 жылға арналған жұмыс жоспары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар жұмыс орындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу, еңбек дауларын шешу және мекемелерде кәсіподақ ұйымдарын ашу жөнінде айтты.
Отырыс барысында Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жетілдіру және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру бойынша жүйелі шараларды әзірлеу мәселелерінің өзектілігін атап өтті. Сондай-ақ, бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан келіп түскен барлық ұсыныстарды Кәсіподақтар федерациясының қарайтынын және алдағы жұмыс барысында ескерілетініне сендірді.
Өз сөзінде Батыр Әлиев Нұр-Сұлтан қаласының кәсіподақтар орталығымен бірлесіп атқарған жұмыстар үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар «Әділет» Кәсіподағымен атқарылған жұмыстар, өткізілген семинарлар және мектеп оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру сабақтарының маңыздылығын айтты.
Іс-шара еркін диалог форматында жүргізілді. Кездесу соңында кәсіподақ активі қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.