21 ақпанда еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларға арналған семинар-кеңесөткізілді.
Бұл семинар-кеңес жұмыс орнындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында өткізілді.
Семинар- кеңеске бастауыш кәсіподақ ұйымдарының еңбекті қорғауға жауапты қызметкерлері шақырылды.
Алғы сөзінде Батыр Әлиев «Әділет» Кәсіподағының жұмысына тоқталып, сонымен қатар ұйымдағы еңбекті қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға және осы семинардың маңыздылығына тоқталды.
«Әділет» Кәсіподағының құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Динара Токбалина Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты талаптары, атап айтқанда: еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша өндірістік кеңес құру; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қоғамдық ішкі бақылауды ұйымдастыру кезінде техникалық инспекторлардың құқықтары мен өкілеттіктері туралы айтты.
Семинарға қатысушыларға техникалық инспекторлардың күнделікті жұмысын ұйымдастыруға көмектесетін нақты ақпараттар ұсынылды. Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру және ұжымдық шарттың, келісімнің орындалуы бойынша анықталған заң талаптарының жиі кездесетін бұзушылықтары талқыланды.
Сондай-ақ, қатысушылар «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» республикалық байқауының және «Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» байқауының Ережелерін талқылады. Сонымен қатар, баяндамашы қатысушыларға тәжірибе алмасу мақсатында «Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» байқауының жеңімпаздары дайындаған жұмыстарды көрсетті.
Семинар-кеңес соңында пікірталас сағаты өтіп, қатысушылар өзара ақпарат алмасып, қойылған сұрақтарға жауаптар алды.