Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының Жастар кеңесінің отырысы өтті.
Отырыс барысында Кеңес құрамы, Жастар кеңесінің 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, төраға мен төраға орынбасарлары сайланды.
Жастар кеңесінің негізгі міндеттері: Кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылау арқылы жастарды әлеуметтік қорғау саясатын жүргізу, кәсіподақ комитеттерінде жастар кеңестерін құруға жәрдемдесу, жас кәсіподақ кадрларын, белсенділерін оқытуды және кәсіподақтың басқа да іс-шараларын ұйымдастыруға қатысу.
«Әділет» Кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев жиынға қатысушыларға кәсіподақ мүшелері – жас педагогтардың әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау, еңбек қатынастары, еңбекақы, денсаулықты қорғау, әлеуметтік кепілдіктерді сақтау туралы айтты.
Сонымен қатар қалалық, республикалық, халықаралық байқаулар мен фестивальдер туралы ақпарат берілді.
Алдағы уақытта жас педагогтарға, оның ішінде «Әділет» Кәсіподағының Жастар кеңесінің мүшелеріне қатысты мәселелерді талқылайтын семинар өткізу жоспарлануда.
Жастар кеңесінің отырысы іскерлік және сындарлы диалог форматында өтті. Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.