«Әділет» Кәсіподағы бастауыш ұйым төрағаларымен онлайн семинар-кеңес ұйымдастырылды.
Семинар аясында Б. Әлиев қатысушыларға «Әділет» Кәсіподағының жұмысы, Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасымен Әлеуметтік әріптестік туралы келісімнің мазмұны, білім беру ұйымдарының ұжымдық шарттары, еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау, кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек көрсету туралы ақпарат берді.
Білім беру ұйымының ШЖҚ-ға көшуі кезінде қызметкерлерге еңбекақы төлеу мәселесі талқыланды. Басқарма мен Кәсіподақ арасындағы Келісімге сәйкес кәсіподақ мүшелеріне «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысында көрсетілген қосымша төлемдер мен үстемеақылардың барлық түрлері сақталатынын еске саламыз.
Сонымен қатар, семинарға қатысушыларға еңбек заңнамасының нормалары, «Білім туралы» және «Педагог мәртебесі туралы» Заңдары, педагогтерге оның ішінде методистерге еңбекақы төлеу жүйесіндегі қосымша төлемақылардың жаңа түрлері, сонымен қатар білім жүйесінің құқықтық заңнамалық актілері, оның ішінде педагогтарды аттестаттау ережесіне енгізілген өзгерістер түсіндірілді.
Сонымен қатар, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен «Әділет» Кәсіподағының материалдық көмек көрсету, есеп беру нысандары, электронды кәсіподақ жүйесі, кәсіподақ байқаулары, сондай-ақ алдағы кезеңдегі міндеттер талқыланып, түсіндірілді. Семинарға қатысушылардың өтініші бойынша бастауыш ұйым төрағаларымен осындай семинарды тұрақты түрде өткізу туралы келісім жасалды.
Іс-шара еркін диалог форматында жүргізілді. Кездесу соңында педагогтар қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.