№ 5 «Асыл Мирас» психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің ұжымымен кездесу өтті.
Кездесуге «Әділет» Кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев қатысты.
Жиында бастауыш кәсіподақ ұйымын құру мәселесі талқыланды. Батыр Әлиев өз сөзінде «Әділет» Кәсіподағының атқарған жұмыстары, кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғау, ұжымдық шарт нормалары, еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау, кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек көрсету, нормативтік құқықтық актілер туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар еңбек заңнамасының нормалары, «Білім туралы» және «Педагог мәртебесі туралы» Заңдары, педагогтерге оның ішінде методистерге еңбекақы төлеу жүйесіндегі қосымша төлемақылардың жаңа түрлері, сонымен қатар білім жүйесінің құқықтық заңнамалық актілерін, оның ішінде педагогтарды аттестаттау ережесіне енгізілген өзгерістерді түсіндірді.
Жиын барысында қызметкерлер бастауыш кәсіподақ ұйымын ашу мәселесін талқылауды ұсынды. Шешім қабылданғаннан кейін қосымша ақпарат берілетін болады.
Іс-шара еркін диалог форматында жүргізілді. Кездесу соңында педагогтар қызықтырған сұрақтарына жауаптарын алды.