«Әділет» Кәсіподағы жыл сайынғы «Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» қалалық байқауын қорытындылап, жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттады.
Байқау еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылаудың тиімділігін арттыру, жұмыс берушілердің білім беру ұйымдарында қауіпсіз еңбек жағдайлары бойынша қызметкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін сақтауы, өндірістік жарақаттарды азайту, техникалық инспекторлар қызметін жетілдіру және ынталандыру мақсатында өткізілді.
Байқау комиссиясының шешімімен жүлделі орындар келесідей бөлінді:
I орын – Изеев Максут Жаксыбаевич, Ғ. Кайырбеков атындағы № 2 мектеп-гимназияның еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы.
II орын – Айкимбаева Анаргуль Маратовна, Кәсіптік-техникалық колледжінің еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы.
III орын – Гемалий Лариса Николаевна, № 30 «Қайнар» балабақшасының еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы, директордың әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары.
Байқауға қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.