23 сәуірде Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназиясында Нұр-Сұлтан қаласы білім беру ұйымдарының «Ұлттық дәстүрлер / Родные традиции» көркемөнерпаздарының қалалық байқау-сайысының I кезеңі өтті.
Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Байқауға кәсіподақ мүшелері болып табылатын білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысты.
Байқаудың негізгі мақсаты – Қазақстанның төл өнерімен және мәдени мұрасымен таныстыру, сондай-ақ қоғамдағы педагогикалық және мәдени мәртебесін нығайту арқылы Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдары қызметкерлерінің шығармашылық қырларын арттыру.
Қатысушылар вокалды-хор жанры; хореография; аспаптық жанр; театрлық жанр бойынша өнерлерін көрсетті.
Байқау қорытындысы Гала-концертте (2-кезең) жарияланады. Іс-шараның уақыты мен өтетін орны туралы қосымша хабарлаймыз.